«БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҺАНДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР: ЕНГІЗУ, ӘРЕКЕТ, СТРАТЕГИЯ» ТАҚЫРЫБЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

2025 жылғы 30 сәуір күні Астана қаласының №10 мектеп-гимназия базасында «Білім берудегі жаһандық құзыреттіліктер: стратегия, әрекет, енгізу» тақырыбында халықаралық әдістемелік – практикалық конференция өтті. Конференцияға Нью-Йорк (Америка), Мумбай (Үндістан), Астана, Қарағанды, Тараз, Көкшетау, Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, Сәтбаев қалалардан және

Қостанай, Жамбыл, Абай, Жетісу, Ақмола, Түркістан облыстарынан 270-тен астам педагог қатысты.

Пленарлық сессияда спикерлер Төребекова Аяулым Қуанышқызы, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық академияның Стратегия және талдау орталығының бас сарапшысы «Оқу бағдарламаларын Жаһандық құзыреттілік тұрғысынан талдау: Дүниетану пәні мысалында» тақырыбында, Қалиханова Шұғыла Ерғалиқызы, Астана қаласының Педагогикалық шеберлік орталығы тренері «Жаһандық құзыреттілік: оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы рөлі» тақырыбында ой бөлісті.

Үш пікірталас алаңында:

1. Мектептерде «Global Scholars» халықаралық жобасын жүзеге асыру: енгізу тәжірибесі және болашағы;

2. Ғылым мен практиканы біріктіру -педагогикалық білім беруді дамытудың заманауи стратегиясы;

3. Білім алушылардың тұлғалық әлеуетін қалыптастырудағы инновациялық технологиялар, қатысушылар «Global scholars» халықаралық жобасы және инновациялық технологиялардың жұмыс тәжірибесімен бөлісті, енгізу перспективаларын, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы жаһандық құзыреттіліктің рөлін талқылады.

Конференция соңында қатысушылар кері байланыс беріп, жұмысты қорытындылап, ұсыныстар шығарды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *