2025 жылғы 28 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жұмыс жоспарына сәйкес әдістемелік көмек көрсету мақсатында сынып жетекшілеріне арналған вебинар өтті.
Вебинарда № 14 мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімі, 8 сынып жетекшісі Ергалиева Нагима Уткелбаевна «Табысты оқушыны тәрбиелеудегі сынып жетекшінің ролі» тақырыбында ұйымшыл сынып қалыптастырудағы жұмысымен, № 98 мектеп — лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Әлібаева Ақерке Ақболатқызы «Күнде бір мақал – тіл байлығы мен тәрбие көзі» тақырыбында жүргізілетін жоба жоспарымен, №103 орта мектептің химия пәні мұғалімі, 10 сынып жетекшісі Искакова Алма Канатовна «Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыруда сынып жетекшінің ролі: жас маманның көзқарасы» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.
Вебинар жұмысы білім беру ұйымдарындағы сынып жетекшілердің жұмысын тиімді ұйымдастыруға бағытталған ақпараттар алуға мүмкіндік берді.