ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ: ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ОҚУШЫЛАР ҮШІН ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР ЖАСАУ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ

2025 жылғы 25 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейі базасында «Құндылыққа негізделген білім: ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар үшін тең мүмкіндіктер жасау» тақырыбында республикалық семинар-практикум өтті.

Семинардың мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін (ЕБҚ) оқушыларға құндылықтарға негізделген білім беру арқылы тең мүмкіндіктер жасау, олардың ішкі әлеуетін ашуға ықпал ету және инклюзивті ортада тұлғалық қадір-қасиеті мен құқықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Құндылыққа негізделген білім беру»: ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға арналған сабақтар ұйымдастырылып, олардың танымдық қабілеттерін дамыту, өз-өзіне сенімділікті арттыру және ортада еркін әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер қолданылды. Сабақ барысында сараланған тапсырмалар, визуалды қолдау, ойын элементтері мен топтық жұмыстар кеңінен пайдаланылды.

«Біз біргеміз: ортақ өнер, ортақ жүрек»: арнайы мамандар мен педагог-ассистенттер инклюзивті мәдениетті қалыптастыру мақсатында ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен бірлесе жұмыс жасап көрсетті. Бұл бөлім оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға және олардың қоғаммен араласу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталды.

Шеберлік сыныптар: №76 мектеп-лицейі мұғалімдерімен бірлесе, Павлодар және Қарағанды қалаларындағы Әлихан Бөкейхан атындағы мектептердің мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, инклюзивті білім берудегі озық әдістемелер мен тиімді тәсілдерін ортаға салды. Шеберлік сыныптар бірлескен жұмыс пен желілік қауымдастық аясында ұйымдастырылды.

Сыныптан тыс жұмыстар: ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жүргізілетін шығармашылық және дамытушы іс-шаралар ұсынылып, оқушылардың әлеуметтенуіне қолайлы орта қалыптастырудың нақты үлгілері көрсетілді.

Семинарда  – еліміздің түкпір-түкпірінен келген педагогтер мен білім беру саласының арнайы мамандары үшін тәжірибе алмасуға, бірлесе ізденуге және инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруге арналған маңызды шара болды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *