«Абай аманаты» экспериментік алаң аясында қалалық тәжірибелік семинар

2025 жылғы 17 сәуір күні №81 «Әсемгүл» балабақша базасында «Абай аманаты» эксперименттік алаң аясында қалалық тәжірибелік семинар өтті. Семинарға 30-дан астам мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері, әдіскерлері мен педагогтері қатысты.

Іс-шара барысында «Еңбек ет те, жемісін көр!», «Құлақтан кіріп бойды алар….» ұйымдастырылған іс-әрекеттері, «Шегіртке мен құмырсқа» қойылымы, сонымен қатар, серіктес №56 «Береке» балабақшасы «Абай аманаты-ұрпаққа салауат» тақырыбында шебер-сынып, №59 «Аққанат» балабақшасы «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады……» тақырыбында тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар аясында балабақша педагогтері қатысушылармен тренинг, «Ойлан тап» ойынын, «Абай жас ұрпаққа аманат» тақырыбында талқылау жүргізді.

Іс-шара соңында кері байланыс беріліп, эксперименттік алаң жұмысының перспективті жоспары талқыланды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *