2025 жылғы 16 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жұмыс жоспарына сәйкес білім саласындағы зерттеу және ынтымақтастық бөлімінің қызметкерлері «Зерттеу мақаласын жазу және жариялау» атты республикалық веб-конференция өткізді. Онлайн форматта ұйымдастырылған іс-шараға еліміздің түрлі білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.
Конференция мақсаты – педагогтерге «Zertte» республикалық педагогикалық ғылыми-зерттеу журналына мақала жазу бойынша әдістемелік көмек көрсету.
Модератор – Әдістемелік орталықтың бөлім басшысы, «Zertte» журналының бас редакторы Касенова Альбина Бакытбековна.
Конференция барысында келесі өзекті тақырыптар қарастырылды:
— Білім саласындағы зерттеу әдістері (А. Касенова),
— Әдебиетке шолу жазу тәсілдері (А. Құлмағамбетова),
— Зерттеу мақаласын жазу және жариялау (Б. Әзімбай),
— Цифрлық ресурстарды қолдану ерекшеліктері (А. Турсунбеков).
Іс-шара соңында қатысушылармен кері байланыс жүргізіліп, негізгі ойлар қорытындыланды.
Веб-конференция педагогтер үшін тәжірибе алмасуға және зерттеу жұмысын жүйелі жүргізуге зор мүмкіндік береді.