2025 жылдың 12 сәуір күні Астана қаласы, Әдістемелік орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес химия, биология, география пәндерінің педагогтеріне «Абай құндылығын жаратылыстану пәндеріне кіріктіру» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинар аясында 100 ден астам мұғалім бас қосып, Абайдың рухани мұрасын химия, биология, география пәндеріне кіріктіру жолдары талқыланды. Жаратылыстану пәндерін оқытудың тың тәсілдерімен танысып, ұлттық құндылықтарды ғылыммен ұштастырудың үздік тәжірибелері ұсынылды.