2025 жылдың 10 сәуірінде Әдістемелік орталықтың әдіскерлері 2026 жылы аттестациядан өтетін колледж оқытушыларына «Аттестаттаудан өтетін педагог іс-әрекетінің кезеңдері. Ұсыныстар» тақырыбында оқыту кейсін өткізді.
Іс-шарада аттестаттау рәсімімен, біліктілікті арттыру курстарынан өту, авторлық жұмыстарды жазу, жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату үшін материалдарын жинақтау мәселелері талқыланып, әдістемелік ұсыныстар берілді.
Семинардың практикалық бөлімінде оқытушылар портфолио бағалау критерийлерін өз бетінше толтырып, материалдардың сараптамаға дайындығын талдауға мүмкіндік алды.
Іс-шараға Астана қаласындағы колледждерден 100-ден астам педагог қатысты.