«Салауатты тамақтану мектебі» жобасы аясында қалалық «Әдістемелер-2025» байқауы

2025 жылғы 09 сәуір күні «Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицей» базасында «Салауатты тамақтану мектебі» жобасы аясында «Әдістемелер»-2025 байқауының 2-кезеңі өтті. Байқауға 1-кезеңнен өткен 6 бастауыш сынып педагогі қатысты. 

Байқау 3 бөлімнен тұрды:

  • «Визит картасы» –өзін таныстыру;
  • авторлық «Әдістеме» көрсетілімі;
  • «Блиц турнир».

Іс-шара барысында қатысушылардың байқау жұмыстары келесі критерийлермен бағаланды:

  • «Дұрыс тамақтану туралы әңгіме» бағдарламасы бойынша тақырыптық сәйкестік;
  • Әдістеменің жаңашылдығы және өзіндік ерекшелігі;
  • Әдістеменің методологиялығы;
  • Әдістеменің технологиялығы;
  • Әдістеменің тиімділігі.

Байқау нәтижесінде Астана қаласының келесі  бастауыш сынып педагогтері жүлделі орындарға ие болды:

1-орын – Шапошникова М.И., №6 гимназиясы;

2-орын – Габдуллина А.М., №8 мектеп-лицейі;

3-орын — Оспанова С.К.,№52 мектеп-лицейі.

Женімпаздарды құттықтаймыз!

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *