Тәжірибені тарату мақсатында Физика пәні педагогтеріне вебинар өткізілді

2025 жылғы 4 сәуір күні Астана қаласы Әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірінің 2016 жылғы 27 қаңтарындағы №83 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірі 2025 жылғы 25 ақпандағы №32 бұйрығы өзгерістермен) педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына 12-қосымшасының 3.5 тармағына сәйкес педагогтердің республикалык облыстық, қалалық сараптама кеңесінде ұсынылған авторлық материалдары негізінде тәжірибені тарату мақсатында Физика пәні педагогтеріне вебинар өткізілді. Вебинарда Астана қаласының педагогтерімен бірге Солтүстік Қазақстан облысы, Жетісу облысы, Шығыс Қазақстан облыстары педагогтері іс-тәжірибемен бөлісті.

Пән мұғалімдері іс-тәжірибе тарату барысында өзекті тақырыптарды негізге ала отырып, әдістемелік оқу құралдарын жасаған. Әдістемелік оқу құралдарында оқу мақсаттары толық қамтылғанын, сондай-ақ білім алушыларға фунционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмаларды кіріктірілгенін айтып өтті. Шара соңыда қатысушыларға алған әсерлерімен бөлісіп, қызықтырған авторлық бағдарлама, әдістемелік құралдар бойынша сұрақтарын қойып вебинар спикерлеріне алғыстарын білдірді. Солтүстік Қазақстан облысы, Жетісу облысы, Шығыс Қазақстан облыстарының Әдістемелік орталықтарына ынтымақтастықтары үшін алғыс білдіреміз.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *