Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК елордалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің оқу-әдістемелік материалдары мен бағдарламаларын өңірлік педагогтерге тәжірибе тарату мақсатында республикалық вебинар өткізді.
Іс-шара барысында 2025 жылы аттестаттаудан педагог-зерттеуші, педагог-шебер санатына өтетін (растайтын) педагогтер өздерінің оқу әдістемелік материалдары мен бағдарламалары бойынша іс-тәжірибе бөлісті.
Семинарға Түркістан, Орал, Қызылорда өңірлерінің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан 150-жуық әдіскер мен тәрбиеші қатысты.