Мемлекеттік аттесттаттаудан өтетін жекеменшік балабақшаларға әдістемелік күн өтті

2025 жылдың 4-8 сәуір аралығында Астана қаласы Әдістемелік орталығының білім беру ұйымдарын аттесттаттауды әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері жұмыс тобымен бірге ЖШС «Образпро», «Baby village», ЖШС «Мэри Поппинс», ЖШС «Султан 2010», «Ботақан», ЖШС «Нур Мадияр», «Нур Мадияр», ЖШС «REGGIO KIDS 1», ЖШС «Ақ тілік», «Ақ тілік 1», ЖШС «Exclusive Elite», «Megakids» жекеменшік балабақшаларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік күн ұйымдастырды.

Көмек көрсету барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын негізінде:

— Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының талаптарына сәйкестігі;

— Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес іске асыру;

— Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларын сақтау;

— баланың даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылатын мектепалды жастағы тәрбиеленушілерді оқыту нәтижелерінің болуы;

— Балалардың жасын ескере отырып, жас топтарын қалыптастыру кезінде талаптарды сақтау;

— Ұлттық білім беру деректер қорының құжаттармен сәйкестігі бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *