2025 жылғы 27 наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес (Психологиялық –педагогикалық түзету кабинеті) мамандарымен бірлесе отырып мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы педагогтері үшін «Қарым-қатынас және әлеуметтік өзара әрекеттесу қиындықтары бар балалардың түзете дамыту үдерісінде TEACH технологиясын қолдану» атты тақырыбында семинар практикум өткізді.
Іс-шара барысында «Қарым-қатынас және әлеуметтік өзара әрекеттесу қиындықтары бар балалардың түзете дамыту үдерісінде TEACH технологиясын пайдалану, «Қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттесуде қиындықтары бар балалармен түзету-дамыту жұмысында TEACH технологиясын қолданудың тәжірибесі» ,«TEACH технологиясының элементтерін қолдану арқылы ситуативтік кейстер», тақырыптарында ақпарат беріліп, ЕБҚ бар балалармен жұмыс жасаудың тиімді әдіс-тәсілдері көрсетілді.
Семинарға қатысушылар кері байланыста болып, ашық диалог аясында еркін пікір алмасты. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 50-ге жуық арнайы мамандары қатысты.