2025 жылдың 26 наурыз күні үш күндік (26, 27,03) «Абайдың «толық адам» ілімі – қазақ руханиятының темірқазығы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинардың 1-күні өтті. Абай шығармашылығын жаңаша оқыту әдістері мен формаларын ұсына отырып, Абайдың «Толық адам» ілімі негізінде ұлттық рухани құндылықтарды білім беру үрдісінде интеграциялау жолдарын қарастыру, тиімді пайдалану жолдарын ұсыну мақсатында өткен «Абайды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» шарасына Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА вице-президенті, педагогика ғылымдарының кандидаты – Анар Шынболатовна Танирбергенова, Астана халықаралық университеті Педагогикалық институтының директоры – Ахмадиева Жанна Куанышевна, Әдістемелік орталық басшысының орынбасары – Амиргалиев Жангелді Қуандықұлы және республиканың барлық өңірлерінен 250-ден аса педагог қатысты. Семинар спикерлері: Жандос Әубәкір – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Абай академиясы» ғылыми зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Ақтан Айман Советқызы – «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» ШЖҚРМК «Қазақ филологиясы» зертханасының меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты, Ахмер Біржан Ермекұлы – Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғылыми қызметкері, Гүлтас Құрманбай – Назарбаев Университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, ұстаз, ғалым, Ұлттық мәдениет орталығының басшысы, Жумакаева Береке Даулетхановна – SDU Univertity профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, Габдуллина Алмахан Мұхаметқалиқызы – Астана қаласы әкімдігінің «Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК, Дакей Бота – Астана қаласы әкімдігінің «Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК, Жаменкенова Айнур Зейноллиновна – Астана қаласы әкімдігінің «Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК, Нурлыбаева Жанар Нурахымовна – Абай облысы, Семей қаласының №16 Төлеубай Аманов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Калманбетова Салтанат Акбергеновна – Алматы қаласы, «Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты» РММ биология пәні мұғалімі, Тореханова Багила Талгатовна – Алматы қаласы, «Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты» РММ химия пәні мұғалімі, Оспан Айжан Құрманғазықызы – Алматы қаласы, «Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты» РММ ағылшын пәні мұғалімі, Пердебекова Шарипа Бейсебековна – Алматы қаласы, «Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты» РММ география пәнінің мұғалімдері «Абай шығармаларының педагогикалық мәні», «Абай шығармаларын оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері», «Абайдың «Толық адам» ілімінің философиялық мәні» мәселелері бойынша сөз қозғады.
«Абайдың «толық адам» ілімі – қазақ руханиятының темірқазығы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар
