2025 жылдың 11 наурызы күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес, білім беру саласындағы ынтымақтастық және зерттеу бөлімінің әдіскерлерінің сүйемелдеуімен «Астана-Токио» онлайн бейне жобасы аясында Астана қаласы әкімдігінің «Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тани атындағы № 85 мектеп-лицейі» мен Токио қаласындағы «№7 Митака бастауыш мектебі» бірлескен онлайн сабақ өтті.
Жобаның мақсаты: білім алушылардың жаһандық құзыреттіліктерін, соның ішінде халықаралық пен мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын, төзімділікті және әдеттегіден өзгеше жаңа нәрселерді үйренуге деген ұмтылысты дамыту.
Сабақ барысында оқушылар Қазақстан мен Жапония туралы мәліметтер алып, өз елдері, салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық құндылықтар, мектеп өмірі мен хоббилері туралы ақпарат алмасты. Сонымен қатар, оқушылар ән айтып, би билеп, күй шертіп, өз өнерлерін ортаға салды. Екі елдің оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап ала алды. Екінші жыл өткізіліп отырған бұл бейне жобадан оқушылардың алған әсері керемет болды.