Білім беру ұйымдарының жас басшыларына (директорлар) арналған «Білім беру ұйымының даму бағдарламасын іске асыру жоспарын әзірлеу тәсілдері» тақырыбында қалалық оқыту семинары

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен жылдық жоспарға сәйкес 2025 жылғы 04 наурыз күні№107 жайлы орта мектеп базасында «Білім беру ұйымының даму бағдарламасын іске асыру жоспарын әзірлеу тәсілдері» тақырыбында жас мектеп директорларына арналған «Білім беру ұйымының ролі, тиімді жұмысты қамтамасыз ету әдістемесін саралау» мақсатында қалалық оқыту  семинары өткізілді.  Семинар пленарлық, секциялық бөлімдерді қамтыды.

         Семинарға барлығы қала мектептерінен 52 жас директор қатысты. Семинардың секциялық бөлімінде НЗМ ДББҰ ПШО аға менеджері Мукутов Талгат Кенжебекович «Стратегиялық жоспарлау: миссиядан нақты мақсаттарға дейін» тақырыбында оқыту семинарын жүргізіп, стратегиялық жоспарлаудың қыр-сырын, мектеп миссиясын таңдаудың ерекшеліктерін жеке-жеке ашып түсіндірді. Мақсат қою және күтілетін нәтижеге жетудің нақты қадамдарын көрсетті.

           Пленарлық бөлімде «Білім сапасын басқарудағы заманауи үрдістер» тақырыбында Астана қаласы әкімдігінің «№107 орта мектеп» КММ директоры Бейсенбина Айгуль Базарбаевна тәжірибесімен бөлісіп, білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын атап өтті. Оқу мен оқытуда білім сапасын басқаруда сыныптың даму бағдарламасын құрастырудың, аналитикалық талдау жасаудың өзекті тұстарын түсіндіріп, педагогтердің зерттеушілік әрекетінің ерекшеліктеріне тоқталды.

         Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК Талдау және мониторинг бөлімінің әдіскері Баяхметбаева Кунумбала Изтолеуовна ҚР Оқу-  ағарту министрінің «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылы  28 тамыздағы №273 бұйрыққа байланысты нормативтік құжаттың негізгі аспектілерін түсіндірді. Сонымен қатар оқыту семинардың маңыздылығын және білім беру ұйымдарының дамыту бағдарламасын құру туралы талқылау жүргізді.

Семинар соңында кері байланыс орнап, қатысушылар спикерлерге өз пікірлерін білдірді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *