2025 жылғы 21 ақпан күні «Алматы облысының білім басқармасы» ММ Әдістемелік орталығы «Функционалдық сауаттылықты дамытуға табысты тәжірибелер және жаңа бағыттар»» тақырыбында халықаралық конференция өткізді.
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша жүргізілді:
Ø PISA-2025 шеңберіндегі жаңалықтар мен талаптар
Ø Оқу сауаттылығын дамытудың әдістемелік негізі
Ø Математикалық сауаттылықты дамыту жолдары
Ø Жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтың өзекті мәселелері
Ø Цифрлық трансформация: білім беру жүйесіндегі ақпараттық және
техникалық сауаттылықтың жаңа мүмкіндіктері
Халықаралық конференцияға Астана қаласынан Әдістемелік орталықтың әдіскері Ш.Шакирова және 13 мұғалім қатысып өз іс- тәжірибелерімен бөлісіп келді.
Шакирова Шарипа «Оқу үдерісінде функционалды сауаттылықты қалыптастыру және бағалау бойынша тапсырмаларды қолдану және әдістемелік нұсқаулар» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Елордалық педагогтер іс-тәжірибесімен бөлісіп халықаралық сертификат иеленді.