Сынып жетекшілеріне арналған вебинар өтті

2025 жылғы 25 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жұмыс жоспарына сәйкес  сынып жетекшілерге кәсіби қолдау көрсету және тәжірибе алмасу мақсатында   сынып жетекшілеріне арналған әдістемелік сағат өтті.  

            Әдістемелік орталықтың Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Шарипова Динара Госмановна, Қазақстан Республикасы  Оқу-ағарту министрлігінің 03.08.2022 жылғы №348 бұйрығының орындалуы, мектепте  өмір қауіпсіздігінің негіздері,  жолда жүру ережелерінің жүргізілуі бойынша сынып жетекшілеріне әдістемелік  нұсқау берді.    

            Вебинарда Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Қонарбекова Айжамал Қойшыбекқызы  «Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы» тақырыбында, тарих пәнінің мұғалімі Тлеубекова Толкын Тлеубековна   «Ата-ана мен сынып жетекшінің бала тәрбиесіне қосатын үлесі» тақырыбында ата-аналармен жұмысты  тиімді ұйымдастыру жолдары бойынша өз  тәжірибелерімен бөлісті.   

            Қатысушылар  мектеп пен отбасының  бірлескен іс-шаралары  ата-ана мен мұғалімнің  арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтуына,   тиімді ынтымақтастықтың балалардың эмоционалды жағдайын жақсартуға, олардың білім сапасын арттыруға және жан-жақты дамуына ықпал ететін  әдіс-тәсілдермен танысты. 

            Іс-шаралар сынып жетекшілерінің кәсіби деңгейін арттыруда және  ата-анамен жұмыс  ұйымдастыруда маңызды болып табылады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *