2025 жылғы 12 ақпан күні Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен
«Мектепалды топ балаларын мектепке бейімдеу» қалалық семинары өтті.
Іс-шара барысында қазіргі уақытта балабақшада тәрбиеленіп жатқан болашақ оқушылардың дағдылары мен қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке бейімделу жұмыстарының тиімді жолдары, балалардың мектеп өміріне сәтті бейімделуіне жағдай жасау бойынша мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының жұмысын жандандыру қарастырылды. Бұл шара балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастықты нығайтып, балалардың мектепке бейімделуін жеңілдетуге бағытталған.
Семинарға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының директоры, Әдістемелік орталық басшысының орынбасары, мектепке дейінгі білім беру ұйымының әдіскерлері мен мектеп директорының бастауыш сынып орынбасарлары, психолог мамандар, ата-аналар қатысты.
Астана қаласында мектепалды жас тобында тәрбиеленетін балаларды жаппай мектепке дайындау жұмыстары маңызды түрде күшейтілуде.
Бұл қадам білім беру жүйесінің тиімділігін арттырып, мектепалды тәрбиесінің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.