2025 жылғы 07 ақпан күні Әдістемелік орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес С. Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «Мектептегі тәрбие процесінің өзекті мәселелерін талқылау үшін ата-аналармен жұмыс нысандары мен әдістері» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Д.Г. Шарипова ата-аналармен жұмыс жүргізудің негізгі формаларына тоқталып, мектептегі тәрбие орынбасарларының ата-аналармен жұмысты үйлестірудегі маңызды рөлін атап өтті.
Әдістемелік орталықтың әдіскері, психолог А.Б. Сембаева «Ата-аналармен күрделі диалогтарды жүргізу» тренинг жүргізіп, әртүрлі қиын жағдайлардан шығу жолдары мен стрестің алдын алуға арналған тиімді жаттығулармен бөлісті.
Практикалық бөлімде қатысушылар топтарға бөлініп, белсенді тәжірибелік жұмыс жүргізді. Топтар төмендегі маңызды бағыттар бойынша жұмыс жасады:
✅ «Ата-аналармен жүйелі байланыс орнату әдістері мен формалары»
✅ «Ата-аналардың белсенділігіне әсер ететін негізгі факторлар»
✅ «Мектеп – отбасы – оқушы» үштік одақ жұмысының жаңа форматтары
✅ «Қиын ата-аналармен жұмыс тәсілдері»
✅ «Тәрбие мәселесі бойынша ата-аналармен ағартушылық жұмыс»
✅ «Қоғамдық жобалар мен ата-аналар белсенділігі»
✅ «Сынып жетекшілерінің ата-аналармен жұмысты дұрыс ұйымдастыруын үйлестіру және мониторинг жүргізу»
Практикалық жұмыстың нәтижесінде қатысушылар берілген тақырыптар бойынша ой талқы жүргізіп, өз жұмыстарын сәтті қорғады. Семинар жемісті өтіп, педагогтер үшін пайдалы тәжірибе алаңы болды.
Барлық қатысушыларға белсенділігі мен қызығушылығы үшін алғыс білдіреміз!