«Zertte» республикалық педагогикалық ғылыми-зерттеу журналының редакциялық алқасы 2025 жылғы 6 ақпан күні онлайн-отырыс өткізді. Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК білім беру саласындағы зерттеулер және стратегия бөлімі ұйымдастырды: бөлім басшысы А.Б. Касенова, сондай-ақ әдіскерлер А. Ж. Тұрсынбеков және Б. К. Әзімбай. Басқосу барысында келесі мәселелер талқыланды:
· «Zertte» республикалық педагогикалық ғылыми-зерттеу журналының редакциялық саясаты
· «Zertte» республикалық педагогикалық ғылыми-зерттеу журналындағы жарияланым авторларына арналған ережелер»
· Білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу жүргізудің әдеп кодексі
«Zertte» журналының редакциясы барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреді және биылғы жылы табысты және нәтижелі ынтымақтастықта еңбек етеміз деген сенім білдіреді.