2024-2025 оқу жылында қауымдастықтың жұмыс жасау барысындағы негізгі мақсат: мектеп жасына дейінгі балалармен жұмысты ұйымдастыру кезінде педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және шығармашылық әлеуетін дамыту, озық педагогикалық тәжірибені зерделеу, жалпылау және тарату.
Әр бағыт бойынша жылдық жоспар бекітіліп, ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттер мен шебер-сыныптар жоспарлы түрде өтуде.
Қауымдастық жұмысы механизмінің бір ерекшелігі — ол әр бағыттың педагогтері ғана қатысуында. Онда балабақша педагогтері ашық ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетсе, әдіскерлер шебер-сыныптарын өткізуде. Сондай-ақ, мектепке дейінгі білім берудегі тың идеялар мен инновациялық технологияларды барынша қолданып, тәжірибелерімен бөліседі.
Бүгінгі таңда елорданың 5 ауданында 28 шебер-сынып пен 80 ашық үйымдастырылған іс-әрекеті өтті. Жалпы көлемі 1000 — нан аса педагогті қамтыды.