Жалпы білім беру ұйымдары басшыларының ОІЖ орынбасарларына арналған оқыту семинары ұйымдастырылды

2025 жылғы 30 қаңтар күні Әдістемелік орталықтың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беру ұйымдары басшыларының инклюзивті білім беруге жауапты оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Жалпы білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру алгоритмі» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Орталық әдіскерлері №6 ПМПК мамандарымен бірлесе отырып әдістемелік көмек көрсету мақсатында іс-тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті тақырыптарға толық тоқталды.

Семинар барысында спикерлер:

— инклюзивті білім беруде қолданылатын нормативтік-құқықтық құжаттарға енгізілген соңғы өзгерістермен таныстыру;

— жалпы білім беретін мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру алгоритмі, жүргізілетін міндетті құжаттар тізбесі;

— ЕББҚ бар балаларға арналған білім беру бағдарламалары: бейімделген және жеке бағдарламаларды жасау ерекшелігі;

— ППҚ құрамындағы мамандардың (логопед, әлеуметтік педагог және психолог) рөлі тақырыптарында сөз сөйледі.

Астаналық мектеп басшыларының инклюзивті білім беруге жауапты орынбасарлары өз сауалдарына толық жауап алып, алдағы уақытта қандай тақырыптар бойынша әдістемелік көмек қажет екендігі жөнінде өз ойларымен бөлісті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *