Әдістемелік орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 30 қаңтар күні М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында мектеп вожатыйларына әдістемелік қолдау көрсету және Мектеп Парламенті қызметінің маңызын арттыру мақсатында қалалық оқыту-тәжірибелік семинары өтті.
Семинар барысында Әдістемелік орталық әдіскері Э. Ибраева «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы, тәрбие жұмысын жүзеге асырудағы мектеп вожатыйларының қызметіне тоқталды.
М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы директорының орынбасарлары А. Джапарова мен А. Жабаева Мектепішілік Парламенттің қызметі және бағыттарын айтып, өзін өзі басқару ұйымының жұмысын жүйелендіру жолдарымен бөлісті.
Сондай-ақ, семинар барысында вожатыйлардың тәжірибесінде Google қызметтерін тиімді пайдалану, мобилография негізінде әлеуметтік желілерде ақпарат тарату тақырыптары қарастырылды.
Ал практикалық бөлімде мектеп вожатыйлары алты фракция бойынша атқарып жатқан жұмыстарын таныстырып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Бүгінгі семинар мектеп вожатыйлары үшін құнды ақпарат пен жаңа тәжірибе алмасу алаңына айналды.