2025 жылдың 29 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» ұйымдастыруымен Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы № 85 мектеп-лицейінде «Шет тілін оқытудың белсенді әдістері» тақырыбында ағылшын тілі пәні жас мамандарына арналған қалалық семинар өткізді.
Семинарда қала педагогтері «Ағылшын тілі» пәнінен ашық сабақтар және шебер-сыныптар өткізіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтар болсақ, №85 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімдері Сарсенова Айнур Мухтаровна, Базар Ардақ «Dara Bala әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың жазылым және айтылым дағдыларын қалыптастыру», Байбакирова Гульмира Буркутбаевна «Effective Strategies in Learning English: Mastering Speaking and Listening Skills», Куандыкова Аина Дуановна, Аскарова Махабат Балтаевна «Integration of English language in the Primary School», «NURORDA» мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Кайдарова Рсалды Казбековна «Building Teacher Professionalism», КЕАҚ «РФММ» Астана Кенжебаева Арай Турашовна «Passion Without Burnout- Reigniting the Joy of Teaching», №74 мектеп- лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Зарлыкова Гульнура «Developing Pupils’ Vocabulary through the Lexical Approach in English Language Lessons» шеберлік сыныптарын өткізді. №85 мектеп- лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімдері Жараспаева Жанна Алкеновна, Жуйрикбаева Сауле Казиевна «Timeless Beauty: The Mausoleum of Aisha Bibi» кіріктірілген сабағын, Тельман Фариза Гибадатовна «Exploring Volcanoes through Inquiry», Серикбаева Алуа Данияровна «My toys», Сагинаева Гульмира Канатовна «Healthy takeaway» ашық сабақтарын өткізді. Аталмыш іс-шараға елорда мектептерінен 70 шақты педагог қатысты.
Семинар кезінде жас мамандардың сұрақтарына шебер ұстаздар толық, тиянақты жауап берді. Қатысушылар семинарды рефлексиямен аяқтады. Іс-шараға қатысқан педагогтерден кері байланыс алынды.