2025 жылғы 29 қаңтарда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспары бойынша Астана қаласының №30 мектеп-гимназиясында «Инновациялық технологияларды математика, физика және информатика сабақтарында оқушылардың функционалдық құзыреттіліктерін құралы ретінде қалыптастыру» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға қала мектептерінің математика, физика және информатика пәндері мұғалімдері қатысты. Іс-шара барысында инновациялық технологияларды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту, заманауи білім беру құралдарын енгізу және сабақтың тиімділігін арттыру жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, көрнекі сабақтар мен шебер сыныптар ұйымдастырылып, қатысушылар жаңа әдістемелер мен тәжірибелермен бөлісті.
Семинар соңында қатысушыларға кері байланыс берілді, олардың пікірлері бойынша семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жаңа идеялар мен әдістердің тиімділігі бағаланды.