«Нейробика» семинар-тренингі

 «943 – еліміздегі нысаналы мектептерді дамыту» республикалық жоба аясында, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» Жобалық кеңсенің жұмысы аясында 2025 жылдың 21 қаңтарында Д. Бабатайұлы атындағы #89 мектеп-лицейінде педагогтерге арналған «Нейробика» атты семинар-тренингін өткізді. Аталған іс-шара педагогтерге кәсіби көмек ретінде, сабақ үрдісінде білім алушылардың миының когнитивті функциясын нейрожаттығулар арқылы арттыру мақсатында жүргізіледі. Жалпы гаджет пен жасанды интеллект заманында академиялық білім берумен қатар мидың ойлау қабілетімен функционалды мүмкіндіктерін жетілдіру маңыздылығы өте жоғары. Тренингке 115 педагог қатысты.

    Тренингтің жүргізушісі және авторы орталықтың әдіскері, нейротренер, психофизиолог Сембаева Асем Болатқызы @as.sembaeva.training әр сабақта 1 минуттан 3 қайтара нейрожаттығуларды өткізу практикасы мидың жұмысын арттырады, жалпы оқушылардың жалығуы мен шаршаудың алдын алады, сонымен қатар оқушылардың сабаққа деген қызығышылығының артуына да әкеледі дейді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *