Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК Қазақстан Республикасының педагогтері арасында білім саласындағы ғылыми зерттеулерді қолдау және насихаттау, педагогтердің зерттеу қызметіне қызығушылық деңгейін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында «Zertte» республикалық педагогикалық ғылыми-зерттеу журналының үздік мақаласы» республикалық байқауын өткізді. Байқауға ағымдағы жылы «Zertte» журналында жарияланған мақалалардың барлық авторлары қатыстырылды.
Байқау ережесіне сәйкес Ұйымдастыру алқасы мен Қазылар алқасы құрылды.
Қазылар алқасы ғылыми-зерттеу мақалаларын Байқау талаптарына сәйкес зерттеу мәселесі және өзектілігі, әдебиетке шолу, әдіснама (сапалық немесе сандық зерттеу), деректерді жинау және талдау, нәтижелер және талқылау критерийлері бойынша бағалап, шешім шығарды. Мақалалардың ішінен үздігін таңдау оңай емес, дегенмен, әр байқаудың өз жеңімпаздары болатынын атап өткен жөн.
І орын – дефектолог, бастауыш сынып мұғалімі Мауенова Назым Туяковна, «Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 Арнайы мектеп-интернаты» КММ;
ІІ орын – арнайы пәндер оқытушылары Алтынова Асем Ериковна, Бақбергенова Қарлығаш Ажибековна, Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжі» ШЖҚ МКК;
ІІІ орын – мұғалім-дефектолог Тілепбай Гүлбағира Қанатбекқызы, Астана қаласы әкімдігінің «Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК.
«Шығармашыл автор» номинациясы – көркем еңбек мұғалімі Ашимов Айтпай Кенесович, Астана қаласы әкімдігінің «№5 мектеп-гимназия» КММ;
«Жаңашыл автор» номинациясы – ағылшын тілі мұғалімі Сазанбаева Асем Амантаевна, Әлихан Бөкейхан атындағы Binom мектеп-лицейі;
«Ізденімпаз автор» номинациясы – Астана қаласы «№42 орта мектеп» КММ директоры Абуова Меруерт.