2024 жылғы 26 желтоқсан күні №99 орта мектепте Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т2) пәні бойынша Педагогтер қауымдастығының отырысы өтті.
Отырыс барысында Педагогтер қауымдастығының жетекшісі Нукебаева Бақытхан Сейтхановна 2024 жылғы жүргізілген жұмыстарына есеп беріп, жаңа 2025 жылға жоспарланған жұмыстар, оларды ұйымдастырудағы қауымдастық мүшелерінің атқаратын рөлі туралы айтты. Қауымдастық мүшелері педагогтердің кәсіби құзіреттілігі, оқу сауаттылығы, инновациялық әдістерді қолдану мен заманауи білім беру технологияларын енгізу жөніндегі ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша өз пікірлерін білдірді. Қауымдастық келешекте бірлескен іс-шаралар мен семинарлар өткізу, ұстаздардың біліктілігін арттыру мақсатында қосымша ресурстар мен әдістемелік қолдау көрсету жайлы да сөз қозғады.