Заманауи сабақ-мәселелері, әдістері, шешімдері

2024 жылғы 26 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің №103 орта мектебінде «Заманауи сабақ-мәселелері, әдістері, шешімдері» атты қалалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция жұмысына Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Жиенбаева С.Н., Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, магистрі, PhD докторант Хасенова А.И., «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының сарапшысы Байтенова Қ.Қ., Астана халықаралық университеті М.Жұмабаев атындағы педагогикалық колледжі директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары, Астана қаласының білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.

Конференцияның секциялық отырыстары келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылды:

1-секция «Диалог алаңы»;

2, 3-секция «Шебер-сынып»;

4-секция «Эксперттік дискуссия»

Конференция барысында қатысушылар заманауи сабақ-мәселелері, әдістері мен өз іс-тәжірбиелерімен бөлісіп, кері байланыс алды. Конференция жұмысына 116-ден астам адам қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *