«БҰҚАР ЖЫРАУ ЖЫРЛАРЫ – ҰРПАҚҚА ТАҒЫЛЫМ» ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ — ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2024 жылдың 24 желтоқсан  күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК және №109 орта мектебінің   ұйымдастыруымен Бұқар Қалқаманұлының туғанына 356 жыл   толуына  орай «БҰҚАР ЖЫРАУ ЖЫРЛАРЫ – ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ»  қалалық  ғылыми-педагогикалық конференциясы өтті.

 Конференцияның мақсаты — ұлы жырау Бұқар Қалқаманұлы шығармаларын кеңінен насихаттап, өскелең ұрпаққа жеткізу, ұлттық құндылықтарды бала бойына дарытудағы педагогтердің тәжірибесін тарату, жырау мұрасын жандандырудағы еңбегін таныстыру, педагогтердің шығарашылық әлеуетін көтеру.

«Бұқар жырау жырлары-ұрпаққа тағылым» қалалық ғылыми-педагогикалық конференциясына  Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Болат Қорғанбек Сағынбекұлы, А.Байтұрсынов  атындағы Қостанай университеті, филология ғылымдарының докторы, профессор Әбсадық Алмасбек Ахметұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық Ш. Айтматов Академиясының Академигі, ҚР білім беру үздігі Бұлдыбай Анарбай Сағиұлы, Қарағанды облысы, Бұқар жырау аудандық тарихи-өлкетану музейі қызметкері Перизат Кәріғұлқызы, Қарағанды облысы, С. Торайғыров атындағы қазақ тірек мектебі, Бұқар жыраудың ұрпағы, тарих пәні мұғалімі  Қалиасқар Шыныбектегі, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды  университеті, филология ғылымдарының кандидаты,  профессор Жумагулов Айтбай Ботпаевич, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Шабыт» халықаралық шығармашылық фестивалінің жүлдегері, ҚР Көркемөнер академиясының корреспондент мүшесі Толқын Қабылша Шахарбекқызы, Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің педагогтері қатысты.

Пленарлық және секциялық отырыстарда конференция қатысушылары  Бұқар жырау шығармаларындағы заман бейнесі, Абылайхан бейнесі, ел бірлігі, ұлттық идея, Бұқар жыраудың жыр толғаулары, жырау шығармаларын оқытуда жасанды интелектіні қолдану, жырау шығармаларының зерттелуі, сондай-ақ жас ұрпақтың патриотизмі мен адамгершілігін тәрбиелеудегі тұлға мен әдеби мұрасының орны туралы мәселелерді талқылады. Білім беру ұжымдарынан әр секцияға қатысқан педагогтер өз жұмыстарын жоғары дәрежеде көрсете білді.

«Бұқар жырау жырлары — ұрпаққа тағылым» қалалық                             ғылыми-педагогикалық конференциясының материалдары жинақта жарияланып, сондай-ақ Әдістемелік орталықтың ресми сайтында орналастырылады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *