Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында педагогтердің әдістемелік жұмысын тиімді ұйымдастыру жолдары

2024 жылдың  24  желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ТжКББ бөлімінің әдіскерлері З.Г. Мурзагулова атындағы «Даналық» жоғары медициналық  колледжінің педагогикалық ұжымына «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында педагогтердің әдістемелік жұмысын тиімді ұйымдастыру жолдары» тақырыбында әдістемелік десант өткізді.

         Семинарда әдіскер Исина Н.С., Есенбекова А.Е., Мылтыкбаева Ж.Т. педагогтерді авторлық жұмыстарды дайындау, эксперименттік бағдарламаларды  енгізу   және ғылыми-зерттеу жұмыстары  бойынша оқыту кейсін,  «Сабақты қалай қызықты өткізуге болады?» тақырыбында педагогикалық тренингін өткізді,  сонымен қатар  педагогтерді аттестаттау процедурасының негізгі кезеңдерімен және жұмыс тәжірибесін жинақтау ретімен таныстырды.

Шара соңында Қазақ технология және бизнес университеті колледжінің арнайы пән оқытушылары Хайса Ү., Томпакаева Н.Г. «Оқу процесінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану» тақырыбында шеберлік сыныптар  өткізді.

         Іс-шараға колледжден 50-дан астам педагог қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *