2024 жылғы 25 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес Білім саласындағы зерттеу және стратегия бөлімінің ұйымдастыруымен Астана қ. педагог қызметкерерлеріне арналған қалалық «Zertte» республикалық педагогикалық ғылыми-зерттеу журналына ғылыми мақала жазу әдістемесін, рәсімдеуге қойылатын талаптарын түсіндіру мақсатында «Ғылыми мақала жазу және жариялау: негізгі қадамдар мен ұсыныстар» атты республикалық вебинар өтті.
Вебинар модераторы ретінде Әдістемелік орталықтың білім саласындағы зерттеу және стратегия бөлімінің басшысы Касенова Альбина Бакытбековна сөз бастады. Вебинар барысында білім саласындағы зерттеу және стратегия бөлімінің әдіскері, педагогика ғылымдарының магистрі Тұрсынбеков Алмаз Жомартұлы, «Цифрлық ресурстарды пайдалану арқылы ғылыми мақала жазу ерекшеліктері» тақырыбында және білім саласындағы зерттеу және стратегия бөлімінің әдіскері, педагогика ғылымдарының магистрі Әзімбай Бибігүл Кәрімбердіқызы «Ғылыми мақала жазу және жариялау: негізгі қадамдар мен ұсыныстар» тақырыбында сөз сөйлеп, мақала құрылымы, сілтеме рәсімдеу ережелері, техникалық рәсімдеуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ әдеп нормаларын түсіндірді.
Вебинар соңында қатысушылар сұрақтарына толыққанды жауап алып, өз ой-пікірлері және ұсыныстарымен бөлісті.
Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен тәрбиешілері, орта білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары, пән мұғалімдері, жалпы саны 40-тан астам педагог қатысты. Педагогтерге ғылыми мақала жазу бойынша әдістемелік көмек көрсету жұмысы өз жалғасын табады.