Жаратылыстану пәндерін тиімді әдіс-тәсілдермен оқыту арқылы — функционалдық сауаттылық деңгейін арттыру

2024 жылғы 20 желтоқсанда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспары бойынша №59 мектеп-лицейінде «Жаратылыстану пәндерін тиімді әдіс-тәсілдермен оқыту арқылы -функционалдық сауаттылық деңгейін арттыру» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті. Шеберлік сыныбына білім беру ұйымдарының математика және физика пәні мұғалімдері қатысты.

Іс-шара барысында Әдістемелік орталықтың әдіскерлері Қ.Нұртаева және А.Кабдиева «Жаратылыстану пәндерін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары» тақырыбында сандық презентация жасады. Сонымен қатар, «Физика сабағында тиімді әдіс-тәсілдер қолдану арқылы функционалдық сауаттылық деңгейін арттыру» тақырыбында А.Темирова мен Г.Жексенғалиева, «Формирование практических навыков на занятиях физики с использованием интерактивного оборудования» тақырыбында А.Мейрманов, «Физика пәні бойынша оқушының функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған есептер мен тапсырмалар» тақырыбында С.Айнамкулова, «Функционалдық сауаттылыққа бағытталған прогрессия есептері» тақырыбында М.Азатхан, «STEM білім беру арқылы математикалық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында Ж.Қасымхан өз тәжірибелерін ұсынды. Әрбір спикер педагогтер үшін практикалық сессиялар өткізіп, өз сабақтарында қолданатын әдіс-тәсілдерімен бөлісті

Практикалық сессиялар барысында мұғалімдер оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған заманауи әдіс-тәсілдер мен практикалық жұмыстарды орындап, инновациялық білім беру әдістерін көрсетті. Педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа тәсілдерді сабақтарында қолдану үшін қажетті дағдыларды меңгерді.

Шеберлік сыныптың соңында педагогтер іс-шара барысында алған білімдері бойынша кері байланыс жасап, рефлексия жүргізді. Педагогтер өз тәжірибелерін талқылап, шеберлік сыныбында көрсетілген әдіс-тәсілдердің тиімділігі туралы пікірлерін білдіріп, осы білімдерін өз сабақтарында қолдануға дайын екендіктерін жеткізді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *