2024 жылғы 19 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Ж.М.Кайркенованың ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні (Т2) мұғалімдеріне арналған «Функционалдық сауаттылық» тақырыбы бойынша вебинар өткізілді.
Вебинарды №85 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, педагог-шебер, тренер Нукебаева Бақыт Сейтхановна, №6 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, педагог-зерттеуші Султанова Венера Ауданбаевна және № 99 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, педагог-зерттеуші Идирисова Жанаргүл Ауезхановна жүргізді. Спикерлер халықаралық PISA бағалау жүйесі бойынша оқушылардың оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалау, оқушыларды әлеуметтенуге және дербестеуге бағыттау, болашақ кәсіби қызметі саласын жауапты таңдауына бағытталған әдістемелер мен тәсілдерді қарастырды. Сонымен қатар, 8-сынып оқушыларына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқулығындағы нақты тапсырмаларды атай отырып, үлгі ретінде алынған мысалдар арқылы оқу сауаттылығын анықтайтын әдіс-тәсілдерді іс жүзінде көрсетіп, сұрақ-жауап сессиясы арқылы қатысушылармен білім алмасты. Вебинар соңында ұстаздар кері байланыс беріп, ұсыныстарын айтты.