БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ

2024 жылдың 19 желтоқсанында Астана қаласы №97 мектеп-гимназиясында басшының бейіндік оқыту орынбасарларына арналған семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудағы өзекті тақырыптар көтеріліп, өзара тәжірибе бөлісу, нормативтік-құжаттармен жұмыс, педагогтердің біліктілігін көтеру мәселелері талқыланды.

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты мамандары, Орынбасар Данияр Шәріпұлы мен Малдыбаева Гульнара Балтабаевна «Ұстаз» платформасының техникалық қолдаушылары ретінде педагогтер портфолиоларын жүктеудің жолдарын түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді. №97 мектеп-гимназиясы, №65 мектеп-гимназиясы және №70 мектеп-лицейі директордың орынбасарлары, Сембетова Гүлнұр Сырлыбаевана, Мырзахметова Майра Айыпхановна және Парманова Сандугаш Куанышбековна педагогтерді аттестацияға дайындау, «Цифрлік ұстаз» жобасын жүзеге асыру бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға қатысушылар тарапынан осындай тәжірибелік іс-шаралардың жиі өткізілуі туралы тілектер білдіріліп, спикерлер оң баға алды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *