Сапалы білім-сапалы сабақтан

Астана қаласы, Әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес Астана қаласының химия және биология пәндері  педагогтеріне №9 «Зерде» мамандандырылған лицей базасында  «Сапалы білім-сапалы сабақтан» тақырыбында ашық сабақтар шеруі өтті. 

        Мақсаты: Сабақтың сапасын арттыру арқылы мұғалімдердің үздік педагогикалық тәжірибесін насихаттау және білім сапасын жетілдіру  

        Ашық сабақтар шеруіне қатысқан мұғалімдер күнтізбелік-тақырыптық жоспар мен сабақ кестесінде  ашық сабақ шеру өткен күнге  келіп тұрған тақырыптар бойынша сабақтар өткізді. 

         9 сынып   «Тірі ағзалардағы электрлік үдерістер. Электрорецепторлар және электрлі мүшелер»   Тойлыбаева Улбола Оразалиевна, А.Байтұрсынов атындағы «Binom school» мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі   

         8 сынып  «Сутек алынуы, қасиеттері, қолданылуы»  Қожантаева Ақмарал Ғабитқызы, Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі  

         10 сынып «Химиялық реакция жылдамдығы  және әсер етуші факторлар» Жумагулова Кулжан Сахановна, №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің химия пәні мұғалімі 

          8 сынып  «Diseases of human circulatory system»  Өмірзақ Нұрила, Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының биология пәні мұғалімі  

          8  сынып «Жүрек қантамыр жүйесі аурулары» Асылбекова Динара Абаевна, Қ.Сатпаев атындағы «Binom school» мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі  

          9 сынып «2 топ элементтері.  Кальций»  Оспанова Гульмира Нургазыевна, №93 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі  

          Әдістемелік орталықтың әдіскері Ш.Шакирова «Сабақты өзіндік талдау» тақырыбында тренинг өткізді. 

          Іс-шараға қатысушылар  жылы лебіздерін білдіріп, ашық сабақ  көрсеткен педагогтерге шығармашылық табыс тіледі.  

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *