Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы мамандарына арналған оқыту семинары

2024 жылғы 10 желтоқсанда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскерлері мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы мамандары үшін «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың мінез-құлқын түзету және оқыту процесіндегі ата-аналардың рөлі» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Іс-шара барысында орталықтың әдіскерлері мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы мамандарына инклюзивті білім беруді жүзеге асыруда жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырды. №1 «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығының арнайы дефектолог мамандары «Проблемное поведение ребенка с РАС. Как правильно реагировать?», №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің арнайы логопед мамандары «Выполнение дыхательных упражнений в домашних условиях» тақырыптарында толық ақпарат беріп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, шебер сыныптар көрсетті.

Семинарға қатысушылар кері байланыста болып, ашық диалог аясында еркін пікір алмасты. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 80-ге жуық арнайы мамандары қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *