«Сандық дәуірдегі жаңа дағдылар» семинар-практикум

2024 жылдың 6 желтоқсан күні Астана қаласының Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының базасында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен қосымша және арнайы білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Сандық дәуірдегі жаңа дағдылар» тақырыбында семинар-практикум өткізді.

Семинардың негізгі мақсаты – педагогтердің заманауи цифрлық технологияларды меңгеру деңгейін арттырып, білім беру үдерісінде тиімді пайдалану жолдарын үйрету. Іс-шараға қосымша және арнайы білім беру ұйымдарынан 30-дан астам педагог қатысты.

Семинар-практикумда қамтылған тақырыптар: Microsoft Office (Word, Excel) бағдарламаларында жұмыс істеудің негіздері, Google онлайн қызметтері: мүмкіндіктері мен қолдану жолдары, Медиа және ақпараттық сауаттылық. Қашықтан оқыту барысында бейнеролик түсіру жолдары (мобилография), Білім берудегі жасанды интеллекттің рөлі.

Қатысушылар практикалық тапсырмалар орындап, топтық жұмыс арқылы дағдыларын шыңдады. Бұл шара педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруда және сандық құралдарды тиімді қолдану арқылы білім беру сапасын жақсартуда маңызды рөл атқарады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *