Астана қаласы, Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен Астана қаласының химия және биология пәндерінің педагогтеріне «Ұлттық құндылықтар негізінде химия және биология пәндерін оқыту: теория мен тәжірибе» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
Семинар мақсаты: Ұлттық құндылықтар негізінде химия және биология пәндерін оқыту мен жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға етіп тәрбиелеудің тиімді жолдарымен тәжірибе алмасу
Іс-шарада «Ұлттық құндылықтарды биология пәнінде оқытудың маңызы» №66 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі С.Килыбаева, «Ұлттық құндылықтарды интеграциялау арқылы химияны оқыту әдістері» №111 ора мектептің химия пәні мұғалімдері Анапьянова Айна Дарменовна, Жолбасова Алтынай Серікбекқызы, «Химия пәнін оқытуда ұлттық құндылықтарды интеграциялау арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру» А.Құнанбаев атындағы №87 мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі Р.Махин және № 93 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Е. Жігер, «Ұлттық құндылықтарды интеграциялау арқылы химия пәнін оқыту және зерттеу әдістерін қолдану» №49 мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімдері А. Байдрахманова. Б.Хаби, «Ұлттық құндылықтар негізінде биология пәнін оқыту» №93 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі К.Калдыкулова іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Әдістемелік орталықтың әдіскері химия мен биологияны оқыту үрдісінде жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарға бағыттап оқыту бойынша сөйледі.
Семинарға қатысушылар белсенді болып, өз ойларымен бөлісті. Өздеріне керек көп заттарды осы семинардан үйренгендерін айтты.