2024 жылғы 27 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспары бойынша №97 мектеп-лицейінде «Дарынды оқушыны қолдау және оның жетістігі бойынша тәжірибе алмасу» тақырыбында семинары өтті. Семинарға білім беру ұйымдарының математика, физика пәндерінің жас педагогтері қатысты.
Іс-шара барысында «Дарынды балаларды анықтау және дамыту жолдары» Турекешова Ляззат Куттымуратовна, №49 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі, «Командалық сайыстар арқылы — математикалық сауаттылықты арттыру»,Бердибаева Гулзар Кенжебековна, №103 орта мектебінің математика пәні мұғалімі, «Метод развития одаренности у ребёнка с ООП» Темирова Лейла Сульхадиновна, учитель информатики КГУ «Средняя школа №21», «Дарынды бала- ұлт болашағы» Зияданова Кульмира Баймолдановна, Шерхан Мұртаза атындағы №63 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімдері, «Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлері» Тлеубаева Зауре Кабатаевна Ерсултанова Айтгуль Сериковна, Абай Құнанбайұлы атындағы № 87-мектеп гиназиясының информатика пәні мұғалімдері, «Дарынды балалармен жұмыс жасаудың негізгі бағыттары» Жарболова Гульдана Борашевна, Тлеулесова Жумагул Балташовна, №40 мектеп лицейінің математика пәні мұғалімдері, «Дарынды оқушыларды қолдау арқылы халықаралық PISA зерттеулеріндегі жетістіктерді арттыру» Абишева Сандугаш Каменовна №83 мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі, «Дарынды оқушылардың қабілетін логикалық тапсырмалардың көмегімен дамыту» Хавал Беймбет, Исенова Айгул Галимжановна, №82 «Дарын мамандандырылған лицейнінің математика пәні мұғалімдері өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында әр спикер өз сабақтарында қолданатын әдіс-тәсілдерін ұсына отырып, оқушының дарындылығын анықтауда жүзеге асыру жолдары дамытушылық бағдарламаларды қалыптастыру, жоспар құру екенін түсіндірді. Семинар соңында №56 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Г. Жанабекова педагогтермен ой бөлісіп, кері байланыс жасады.