«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың танымдық іс әрекетіндегі дидактикалық ойындарың рөлі»  тақырыбында семинар-практикум

2024 жылғы 22 қараша күні Әдістемелік орталықтың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне арналған «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың танымдық іс әрекетіндегі дидактикалық ойындарың рөлі» тақырыбында оқыту семинар-практикумы өтті.

Орталық әдіскерлері №4 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті мен «Асыл Мирас №1» аутизмі бар балаларды қолдау орталығының  арнайы педагогтерімен бірлесіп шеберлік сыныптар мен тренингтер өткізді.

Сонымен қатар спикерлер семинар барысында:

– аутизм спектрі бұзылысы бар балаларды оқытуда қолданылатын әдіс -тәсілдер;

– аутизм спектрі бұзылысы бар балалардағы жағымсыз мінез-құлық және жағымсыз мінез – құлықпен дұрыс жұмыс жасау жолдары;

– сөздік дидактикалық ойындар арқылы зиятының бұзылысы бар балалардың танымдық қабілеттерін дамыту;

– қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттесуі бұзылған балалардың бейімделу кезеңінде дидактикалық ойынды қолданудың практикалық тәжірибесі;

– дидактикалық ойындар арқылы ерекше білім беру қажеттілігі  бар балалардың  қоршаған орта туралы түсінігін дамыту тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті. 70-ке жуық педагог қатысқан семинар-практикум қызықты және танымды өтті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *