БАЛАБАҚШАДА ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН ӨТТІ

2024 жылдың 14 қараша күні Астана қаласы Әдістемелік орталығының білім беру ұйымдарын аттесттаттауды әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері және жұмыс тобымен бірге №98 «Мирас» балабақшасына әдістемелік көмек көрсету жұмысын ұйымдастырды.

Көмек көрсету барысында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары негізінде:

– Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының талаптарына сәйкестігі;

– Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес іске асыру;

– Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларын сақтау;

– Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне өлшемшарттар;

– Тәрбие мен оқыту мерзіміне қойылатын талаптар;

– балалардың жасын ескере отырып, жас топтарын қалыптастыру кезінде талаптарды сақтау бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *