«Үздік тәрбие жұмысы» байқауының екінші кезеңі

2024 жылғы 12 қараша күні №89 мектеп-лицейінде «Үздік тәрбие жұмысы» байқауының екінші кезеңі өтті. Байқау орта білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысының сапасын арттыру, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының кәсіби, шығармашылық деңгейін көтеру мақсатында ұйымдастырылды. Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңі онлайн өтіп, үздік жұмыстар екінші кезеңге жіберілді. Байқаудың талаптарына сәйкес, екінші кезең қатысушылары өз жобаларын қорғады. Жұмыстарды білікті әділқазылар алқасы бағалады. Байқау қорытындысы 2024 жылғы 19 қараша күні Әдістемелік орталықтың https://astana-modern.edu.kz/ сайтына жүктеледі.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *