2024 жылғы 8 қараша күні Б. Өтемұратов қорының «Жас Лидер Академиясы» жобасы аясында №30,32,86,103 мектептерде 1 күндік тренингтер басталды. 1 күндік тренингтер жоба қатысушыларының soft skills (жұмсақ дағдылары) дамытуға бағытталған. Тренинг барысында білім алушылар өздерінің көшбасшылық қабілеттерін дамыту, ойын еркін жеткізу, сондай-ақ топпен жұмыс істеу сияқты қабілеттерін шыңдай түсті.