7 қараша күні әдістемелік «Өзгерістен ізденіске дейін» зерттеу тобының кезекті отырысы өтті. Бұл зерттеу тобының менторы НЗМ педагогі Салтанат Аблахатқызы оқу мақсатына сай мәтінмен жұмысты жүйелі ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін саралай келе, жұмыс тобымен мәтіннің құрылымы мен мазмұнын түсінуде сөз, сөйлем, мәтін бойынша толық талдау жолдарын талқылады. Білім алушының шығармашылық қабілетін, қызығушылық талғамын, өз бетінше білімін толықтыру дағдысы мен сыни көзқарасын сабақ барысында қалай қалыптастырамын деген ой әрбір мүғалімді ойландырса, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейтіні сөзсіз.