«Үздік сынып сағаты» байқауының 2-кезеңі

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК сынып жетекшілерінің шығармашылық қабілеттерін дамыту, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асырудағы үздік сынып сағаттарының тәрбиелік, рухани-адамгершілік, патриоттық мазмұнын арттыру мақсатында «Үздік сынып сағаты» байқауын өткізуде.

Байқау 2 кезеңнен тұрады. Байқау қатысушылары 1-кезеңнің талаптарына сәйкес, өз біліктіліктерін таныстыру үшін портфолио, сынып сағатының бейнематериалын ұсынды. Іріктеу кезеңінен өткен сынып жетекшілері 2024 жылғы 6-7 қараша күндері сынып сағаттарын өткізеді.

6 қараша күні № 67, 74, 104 мектептің сынып жетекшілері өз бақтарын сынап, №59 мектеп-лицейінің білім алушыларына сынып сағаттарын өткізді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *