Google қосымшаларымен жұмыс, форма құру

2024 жылғы 11 қазанында әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес орта білім беру бөлімі әдіскерлеріне арналған “Google қосымшаларымен жұмыс, форма құру” тақырыбындағы семинар сәтті өтті. Семинардың негізгі мақсаты – Google қосымшаларының мүмкіндіктерін тиімді қолдану жолдарын көрсету және осы құралдарды білім беру саласында пайдалану әдістерін үйрету болды. Іс-шара барысында екі спикер өз тәжірибелерімен бөлісіп, тыңдаушыларға маңызды ақпараттар ұсынды.

Жанұзақ А. алғашқы спикер ретінде Google Диск мүмкіндіктері туралы жан-жақты баяндады. Google Диск арқылы файлдарды сақтау, реттеу және бөлісу жолдарын, бұлтты сақтау қызметінің артықшылықтарын, сонымен қатар құжаттарға кез келген жерден қол жеткізу мүмкіндіктерін түсіндірді. Жанұзақ А. Google Дискті жұмыс процесінде пайдаланудың артықшылықтарын атап өтті. Әріптестер арасындағы бірлескен жұмысты оңайлататын, құжаттарды бірлесіп өңдеу мен қадағалау тәсілдерін де көрсетті.

Қамижан Б. Google Құжаттар, Google Кестелер және Google Формалар туралы мағлұмат берді. Google Құжаттардың мәтіндік құжаттармен жұмыс істеу мүмкіндіктері, бірлескен өңдеу және комментарийлер арқылы коммуникацияны қалай жүзеге асыруға болатынын көрсетті. Сонымен қатар, Google Кестелерді пайдаланып мәліметтерді талдау және диаграммалар жасау әдістерін үйретті. Google Кестелердің тиімділігі туралы айтылды. Google Формалар арқылы сауалнамалар мен тесттер құруды түсіндіріп, оның білім беру саласында қолдану жолдарын қарастырды. Google Формалардың көмегімен педагогтерден кері байланыс алу, жылдам тестілеу және бағалау жасау мүмкіндіктері көрсетілді. Құжаттарға ортақ қолжетімділік беру әдістері, соның ішінде құпиялықты сақтау және бөлісу параметрлері де толықтай қамтылды.

Семинар қатысушылар үшін пайдалы және ақпаратқа толы болды, орта білім беру бөлімінің мамандары Google қосымшаларының артықшылықтарын үйреніп, оларды өз жұмысында тиімді қолдану жолдарын меңгерді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *