Астана қаласының Әдістемелік орталығының білім беру ұйымдарын аттестаттауды әдістемелік сүйемелдеу бөлімі жұмыс тобының мүшелерімен бірлесіп, осы оқу жылында мемлекеттік аттестаттаудан өтетін №55 орта мектептің әкімшілігіне әдістемелік көмек көрсетті.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарын бағалау критерийлеріне» сәйкес мектептің мемлекеттік аттестаттауға дайындығы талданды. Жұмыс тобының мүшелері 2022-2023; 2023-2024; 2024-2025 оқу жылдарында МЖМБС іске асыру бойынша оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында әдістемелік көмек көрсетіліп, ұсыныстар берілді.