12 қазан 2024 ж. күні Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназияның ұйымдастыруымен, Əдістемелік орталықтың сүйемелдеуімен Ұлағатты ұстаз, білікті басшы, абайтанушы, қайымтанушы, ғалым Іргебай Ербол Ісләмұлының өнегелі жолын насихаттау және жаңа буынның көшбасшылық, шығармашылық әрі интеллектуалдық әлеуетін дамыту мақсатында «Қалдырған ізің мәңгілік…» қалалық ғылыми-танымдық конференциясы өтті.
Конференцияның пленарлық отырысында Астана қаласы Білім басқармасы жалпы орта білім берудің мазмұны мен әдістеме бөлімінің басшысы Аманкельдиева Асыл Аманкельдиевна, Астана қаласының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Бимендина Асима Темкеновна, жазушы, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы Жұртбай Тұрсын Құдакелдіұлы Ербол Іслімұлының еңбек жолынан естеліктер айтса, пленарлық бөлімнің спикерлері – Жабай Қалиев, Қазақстан-Беларусь ғылыми-техникалық ынтымақтастық орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, Күнімбала Баяхметбаева, Әдістемелік орталық әдіскері, Алмахан Мұхаметқалиқызы, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, ақын, Қанат Еңсенов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты «Ербол Ісләмұлы – қоғам қайраткері», «Ербол – білікті басқарушы әрі көшбасшы», «Ұлт руханияты мен Абайтану орталығына қосқан үлесі», «Ербол Ісләмұлының ғылыми-зерттеу еңбектері», «Ербол Ісләмұлы – тәлімгер ұстаз, білікті басшы» тақырыптарында ұстаздың артына қалған ғылыми еңбектері мен мектеп басшысы ретінде білім мен тәрбиеде жасаған жобаларын талдады.
Конференция «Ұлттық мектеп моделі» (жас басшыларға арналған), «Мектеп мұражайы: «Білім мен тәрбие берудің бір бағыты», «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін жаңаша оқыту» бағыттары бойынша секциялық жұмыспен жалғасты.