«ӘДІСКЕР ҰСТАЗ» ЗЕРТХАНА ЖҰМЫСЫ

      Астана қаласы әкімдігінің  «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Жанар Сейтахметқызы мен А. Байтұрсынұлы  атындағы №48 мектеп-лицейінің  ұйымдастыруымен  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде  2024 жылдың 30 қазан күні   қала педагогтеріне арналған «Әдіскер ұстаз» зертхана мүшелері   қалалық семинар өтізді.

   Семинарды Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері  Жанар Маман  зертхана жұмысының жылдық жұмысына тоқталса,  директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Ибраймова Қамажай Ибраимовна  «Әдіскер ұстаз» зертхана жұмысы» тақырыбында  қала мектептері ұстаздарының  жетістіктері туралы кең ауқымды мәлімет берді.

«Ұстаз үздіксіз ізденгенде шәкірт жанына нұр құя алады» деп А.Байтұрсынов айтқандай отырыс ұстаздардың дайындаған баяндамаларымен ұласты.

           «Ұлттық құндылықтарды тәрбиеде қолданудың жаңа үрдістері» тақырыбында Дусенова К.К  Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, «Ахметтану бағдарламасы» Касымханова Н.Ж №81 Astana English School халықаралық мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, «А. Байтұрсынұлы мысалындағы әлеуметтік мәселелер» Смагулова Н.Б, Кушбаева А.К А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, «А. Байтұрсынұлы 3 D электронды оқу құралы» Сугирбекова А. И № 91 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, «А. Байтұрсынұлы өлеңдерінің оқытылуы» Аренова Ж.С  Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, «А. Байтұрсынұлы еңбектерінде сөз тұлғаларының  берілу сипаты»  Шоқабаева С.С Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент. Мукатова Ж.М  Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, «Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әдістмелік мұрасын заманауи оқыту жүйесіне енгізу»  Абуева А.Г Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Ибраймова Қ.И Ахмет Байтұрсынұлы атындағы  № 48 мектеп – лицейдің информатика пәні мұғалімі  тәжірибелерімен бөлісті.

          Семинарға қатысқан әріптестер:  ғалымдар мен мектеп  ұстаздары,  өздерінің алған әсерлерін ортаға салды,  пікірлерін айтып, кері байланыс жасады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *